
Осакаров ауданының Шідерті ауылында балалар алаңы пайда болды. Бұл жергілікті кәсіпкерлердің жасаған сыйы.
Тұрғындар ауылдық клубтың жанындағы аумақты дайындауға қатысты. Қоқысты жинау үшін сенбілікке бірнеше рет шықты. Учаске абаттандырылып, гүлдер отырғызылды.
Демеушілер балалар қауіпсіздігіне баса назар аударды. Ойын алаңы бос болмайды, күн сайын балалар осында жиналады.