
Қарағанды облысының 11 мыңнан астам тұрғыны медициналық сақтандыру қорына бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейді. Маусым айында олардан қорға 12,3 млн теңгеден астам қаражат түсті.
БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың ыңғайлы тәсілі болды. Ол бірден төрт міндетті төлемді қамтиды: жеке табыс салығы; әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар; БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар. Бұл ретте медициналық сақтандыру қорына төлем сомасының 40 пайызы түседі.
2021 жылы БЖТ облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда тұратындар үшін 1 АЕК (2 917 теңге) және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1 459 теңге) құрайды.
– БЖТ ағымдағы айдың алғашқы күндерінде немесе жаңа айдың қарсаңында төленуі тиіс, – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина. – Бұл төлем алдыңғы 3 ай үшін берешек болмаған жағдайда төленген кезеңге мәртебе береді. Жаңа ай басталғанда ол үшін төлем болмаған жағдайда "сақтандырылмаған" мәртебесі болады. Төлем жасалған кезде мәртебе "сақтандырылған" болып өзгереді.
Осы жылдың маусым айында медициналық сақтандыру қорына облыс тұрғындарынан 2,7 млрд теңге түсті. Бұл жұмыс берушілердің, дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және БЖТ төлеушілердің жарналары мен аударымдары.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша