
2021 жылы 926 президенттік стипендия бөлінді, оның 919-ы студенттерге және жетеуі магистранттарға арналған. Стипендиялар Қазақстанның 35 университеті арасында бөлінген. Олардың ішінде қарағандылық үш ЖОО - Е. А. Бөкетов атындағы университет, индустриялық және техникалық университеттер бар.
Бөкетов атындағы ҚарУ 55 стипендия, ҚарТУ – 17 және Қарағанды Индустриялық университетіне – 5 стипендия бөлінді.
Президенттік стипендия алған жоғары оқу орындарының толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады: : http://zan.gov.kz/client/#!/doc/156840/rus
Естеріңізге сала кетейік, президенттік стипендия алуға республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдердің жеңімпаздары немесе жаңалықтап мен өнертабыстардың авторлары; ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде халықаралық басылымдарда; ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын және осы салада елеулі жетістіктері бар студенттер; ЖОО-ның қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларының белсенді қатысушылары үміткер бола алады.