Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы Құрметті металлург Елеман Байғазиев туралы әңгімелейді

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы Құрметті металлург Елеман Байғазиев туралы әңгімелейді

Теміртаулық тарихи-өлкетану мұражайында "Елеман Байғазиевтің "Құрметті металлург" белгісі" экспозициясы ашылды.

Металлургтер күні қарсаңында Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында "Құрметті металлург" атағы берілген болат балқытушы және Социалистік Еңбек Ері Елеман Байғазиевтің төсбелгісін ұсынды. Мұражайдың Instagram парақшасында тікелей эфирде "Елеман Байғазиевтің "Құрметті металлург" белгісі" атты экспозиция ашылды.

– Экспозицияда құрметті металлургтің жеке заттары, төсбелгілері, кітабы портреті және оның өмірбаяны қойылған, – деп атап өтті Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының референті Ұлжан Бөлекова.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысы жылдары Самарқанд кентінде (Болашақ Теміртау қаласы) жаңа зауыттың құрылысы басталды. 1944 жылы Қазақ металлургия зауыты майданға алғашқы болат жіберді. Жас өндіріске кәсіби кадрлар қажет болды.

Дәл сол кезде, 1944 жылы Елеман Байғазиев басқа комсомолдар қатарында Свердлов облысының Ревда металлургиялық зауытына оқуға кетті. Қайтып оралғаннан кейін алдымен Қазақ металлургия зауытында шихташы болып жұмыс істеді. Бірақ 1951 жылы №2 Мартен цехының болат балқытушысы лауазымына ауысты, жылдам болат балқытудың шебері, "Достық балқыту" қозғалысының бастамашысы болды.

Құрметті металлург атағын 1963 жылы алды.