Қарағанды облысында педагогтардың Құрмет кітабы шығарылады

Қарағанды облысында педагогтардың Құрмет кітабы шығарылады

Қарағанды облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай педагогтардың Құрмет кітабы шығарылады.

"Педагогтардың Құрмет кітабы тәуелсіздік жылдарындағы Қарағанды облысы педагогтарының ерекше жеке еңбектерін қоғамның дәріптеуі және мәңгі естелік ретінде қалуы мақсатында шығарылады. Оған өңірдің білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан педагогтар туралы мәліметтер енгізіледі", – деп атап өтті Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында.

Құрмет Кітабына мектеп, мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдары, мамандандырылған мектеп-интернаттар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, балалар үйлері педагогтерінің есімдері енгізілетін болады. Ол қағаз және электронды түрде шығарылады. Электрондық нұсқа өңірлік оқу-әдістемелік орталықтың (ОӘО)ресми сайтына орналастырылады

Құрмет Кітабына педагогтар туралы мәліметтерді енгізу туралы шешімді педагогтар қауымдастығының мүшелері қабылдайды және Қарағанды облысының білім беруді дамыту ОӘО директорының бұйрығымен бекітіледі.

Құрмет кітабына енгізу үшін үміткерлердің деректерін аймақтың ОӘО-ға білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдары ұсынады. Олар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- Бірінші басшылардың қолы қойылған хаттама не одан үзінді көшірме нысанындағы өтінішхат;

- Қарағанды облысының білім беру жүйесінің алдында сіңірген еңбектерінің дәлелді сипаттамаларымен кандидаттардың жан-жақты өмірбаяндары.

Құжаттарды электронды поштаға жіберу қажет umc-ro@umckrg.gov.kz 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде.

Құрмет кітабына енгізу үшін кандидаттарды қарау кезінде комиссия мынадай өлшемдерді ескеретін болады:

- педагогикалық жұмыс өтілі – 30 жылдан кем болмауы тиіс;

- білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі.

Толық ақпаратты сайттан алуға болады https://umckrg.gov.kz.