
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры "Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері" көрмесіне қатысушыларды қабылдайтынын хабарлайды. Іс-шара "Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы" I Халықаралық ғылыми форумы аясында өтеді.
Экспозиция мақсаты - жастардың ғылыми-инженерлік ой саласындағы үздік жетістіктерін дәріптеу және дамыту, озық тәжірибелерді тарату.
Көрмеге 40 жастан аспаған ғылыми қызметкерлер қатыса алады. Үздік аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді көрсету қажет.
Оның қорытындысы бойынша Қордың көтермелеуіне ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
"Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері" көрмесіне қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1 тамызына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс: roza@fnn.kz. Шара 8-10 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді.