
Қазақстанда aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталында қолдау байланыс орталығы өз жұмысын бастады. Портал жұмысы бойынша кеңесті 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, қазақ немесе орыс тілін таңдап, 4 санын басу арқылы алуға болады.
Бүгінгі таңда орталықта үш сарапшы және бес оператор жұмыс істейді, тағы үшеуі оқытудан өтуде.
Байланыс орталығының жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліссіз.
Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерлерінде және WhatsАpp пайдаланушыларына кеңес беру үшін чат-ботты іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, автоматтандырылған дауыстық роботты енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл консультациялардың қол жетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жауапсыз қалған қоңыраулар санын азайтуға және сұрау салудың шешімін күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру үшін 2020 жылы іске қосылған болатын.
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша