Қарағанды облысында АӘК алушыларға дәрі қобдишалары таратылуда

Қарағанды облысында АӘК алушыларға дәрі қобдишалары таратылуда

COVID-19 ауруының алдын алу аясында Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға медициналық дәрі қобдишаларын ұсыну бойынша акция басталды. Қарағанды облысында барлығы 2 607 дәрі-дәрмек қобдишасы тегін таратылады.

Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады.

Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы Қазақстан бойынша мұндай дәрі қобдишаларын 145 мың отбасы алады.

Акция Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды, сатып алу операторы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі болды.