Жеңіс Қасымбек Өзбекстан елшісімен кездесті

Жеңіс Қасымбек Өзбекстан елшісімен кездесті

Қарағанды облысына Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев пен Өзбекстан премьер-Министрінің кеңесшісі Мехридин Хайриддинов келді. Қонақтарды өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қабылдады.

Кездесуде ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

– Біз Өзбекстанмен тығыз байланыстамыз. Еліңіз біз үшін маңызды сыртқы экономикалық әріптес. Біздің облыс өз өнімдерін әлемнің 150 еліне экспорттайды. Өзбекстанмен тауар айналымы алғашқы 4 айда 135 млн АҚШ долларын құрады. Алда талай мүмкіндіктер бар деп ойлаймын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Облыста өзбек серіктестерінің қатысуымен 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Бизнес құрылыс, өнеркәсіп, сауда, көлік және т. б. салаларда жолға қойылған.

Елші мен премьер-министрдің кеңесшісі байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін атап өтті.

– Мен Қарағанды жерінде алғаш рет болып тұрмын. Өңір үлкен, индустриялық мекен екен. Әрине, біз ынтымақтастықты дамытуда барлық әлеуетті пайдаланатын боламыз, – дейді Мехридин Хайриддинов.