Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 3 400-ден астам қызмет көрсетті

Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 3 400-ден астам қызмет көрсетті

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында Қолдау Орталығының өткен жылғы және биылғы бірінші жарты жылдықтың жұмысының қорытындысы шығарылды. Аталған кезеңде орталық кәсіпкерлерге офлайн және онлайн режимінде 3 400-ден астам қызмет көрсетті.

Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтары 2015 жылдан бастап Қарағанды облысының 18 қаласында және аудан орталықтарында жұмыс істейді. Олар ақпараттық және консультациялық қызметтерді ғана емес, сонымен қатар бизнес-жоспарлар құруды, бухгалтерия жүргізуді, мемлекеттік сатып алуларға және ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысу ережелерін үйретеді.

– Біздің мамандарымыз бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге көмектеседі, сондай-ақ барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін маркетинг, заң қызметтері мәселелері бойынша, статистикалық есеп беру сынды және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Кәсіпкерлерге арналған барлық сервистік қызметтер тегін. Оларды дербес орталықтарға немесе онлайн (services.atameken.kz порталы арқылы) хабарласу арқылы алуға болады. Өткен жылы "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша орталықтың бизнес мектептерінде 846 адам оқытудан өтті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының көмегімен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы 4,2 миллиард теңгеге 747 жоба сүйемелденді және іске асырылды. 1 200 жұмыс орны құрылды.

– Жыл басынан бері 69,2 миллиард теңге инвестиция сомасына 1 601 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша биыл 58,6 миллиард теңге инвестиция сомасына 963 жоба мақұлданды, – деп хабарлады Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева. – Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 32,9 миллиард теңгені құрайтын 487 жоба мақұлданды. Өтініш білдірген және қолдау алған кәсіпкерлер саны 5 еседен астам өсті. Инвестиция көлемі 10 есе өсті. Мысалы, қарағандылық "Тэгам" ЖШС (шұлық-ұйық бұйымдары), "Jakko" (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруші), "Ақжайық" – ұн тарту-жарма бұйымдарын өндіру жобасына және т.б. қолдау көрсетілді.

Биыл "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасын жүзеге асыруға 7 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы сомадан 2,5 есе артық.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша