Теміртаулық жас жауынгер Әлем Кубогын жеңіп алды

Теміртаулық жас жауынгер Әлем Кубогын жеңіп алды

Болгарияның Варна қаласында KWU World Youth Cup 2021 халықаралық турнирі өтті. Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының спортшылары тамаша жекпе-жектер мен жауынгердің шынайы рухын көрсетті. 60 кг салмақ дәрежесінде Теміртау спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрсұлтан Қожамұратов үздік техника үшін жүлде иегері атанды.

Біріншілікке әлемнің 17 елінен 500-ге жуық үздік спортшы қатысты. Жекпе-жек бір уақытта төрт татамиде өтті. Оларды әлемнің судьялары бағалады.

Теміртаулық "Бушидо" клубының жауынгері Нұрсұлтан Қожамұратов 16–17 жас аралығында кубокты жеңіп алды. Ол төрт жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.

Спортшыны Игорь Лим мен Николай Кван жаттықтырады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша