
"Ел тірегі – Елбасы" акциясы аясында Қарағанды облысының 1 250 мұқтаж отбасы шілде айында AYALA қайырымдылық қорынан азық-түлік жиынтығын алады. Бұл іс-шара 2021 жыл бойы "Халық" ҚҚ бастамасымен Қазақстанның барлық облыстарында өткізіледі.
Осы айда акция 20 мың аз қамтылған және көп балалы отбасыларды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қамтиды. Жалпы алғанда, олар 500 миллион теңге сомасына миллион килограмнан астам өнім алады. Салмағы 50 келі болатын әр жиынтыққа күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кіреді.
– Қарағандылықтар биыл біздің қорға өте жақын болды. Біз оларға тек азық-түлік жиынтығымен ғана көмектеспейміз. Маусым айында біздің Қор облыстық ауруханада қазіргі заманғы реанимациялық жабдық орнатты, ол ауыр асфиксиясы бар төрт нәрестенің өмірін сақтап қалды. Біз Теміртаудағы №5 арнайы мектеп-интернатта және Қарағандыдағы №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды дамыту үшін екі TOMATIS аппаратын орнатуға көмектестік. Осы жылдың соңына дейін тағы да көптеген игі істер жоспарладық. Олар біздің қорымызға Қарағанды облысының мыңдаған тұрғындарын қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.