ҚР Әділет министрлігі COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздерін түсіндірді.
Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін профилактикалық екпелер денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар болып табылады.
Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелер алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес).
Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін КВИ-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар және бұл "Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген конституциялық нормаға сәйкес келеді (Конституцияның 31-бабы).
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, ҚР Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана құқықтар мен бостандықтар шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы).
ҚР Әділет министрлігі