
Қарашада Қрағандыда батыр-ұшқыш Нүркен Әбдіровтың ескерткішін жаңарту жоспарлануда. Фигураның қола көшірмесі Нұр-Сұлтанда жасалады. Тапсырыс берушімен бірге процесті қоғамдық топ бақылайтын болады.
– Тендерді елордалық "Қазақстан Көркем Комбинаты "КазАрт" фирмасы жеңіп алды (https://kaz-art.kz/). Қойылатын талап – қоладан фигураның нақты көшірмесін құю. Мерзімі – қарашаға дейін. Гипс көшірмесі жасалды. Кәсіпорынның өндірістік цехтары Нұр-Сұлтанда орналасқан. Біз бүкіл процесті қадағалаймыз. Қоғамдық бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды, – деді тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының бас инспекторы Жанболат Мәжитов.
Топ бес адамнан тұрады. Суретшілер Одағынан Айдархан Қалмаханов, Владимир Проценко, сәулетшілер Одағынан Сабыржан Дәуітбергенов кірді. Сондай-ақ журналист Сергей Терещенко мен Қарағанды Қоғамдық кеңесінің өкілі Нәйлә Қайырбекова да қатысты.
Жанболат Мәжитовтың айтуынша, шойын түпнұсқасын тарихи естелік ретінде сақтау туралы шешім қабылданды. Олар қола көшірмесін орнатқаннан кейін оны жергілікті мұражайлардың біріне өткізгісі келеді.
– Қоғамдық топқа кіруді ұсынғанда, мен, әрине, бірден келістім. Біз барлығын бақылаймыз. Егер астаналық фирмаға көмек қажет болса, біз әрдайым жанынан табылып, кеңес береміз, – дейді "Қарағанды суретшілерінің шығармашылық одағы" ҚБ басқарма төрағасы Айдархан Қалмаханов. – Ескерткішті қалпына келтіру – бұл оның апаттық жағдайына байланысты уақытылы шешім. Өткен жылы рульдің бір бөлігі құлаған кезде бізге қалпына келтіру туралы хабарланды. Содан кейін біз автовышкамен көтеріліп, фигурада қандай үлкен жарықтар пайда болғанын көрдік. Шойын біздің климаттық жағдайымызға төтеп бере алмады.
Ескерткішті шойыннан қолаға ауыстыру туралы идеяны Суретшілер Одағы ұсынды. Бұл оны құтқарудың жалғыз мүмкіндігі, дейді қоғамдық ұйым.
Айдархан Қалмаханов Қарағандыдағы осындай тәжірибені еске салды. 2006 жылы Александр Пушкиннің ескерткіші қалпына келтірілді. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында орнатылған саябақтағы гипс мүсіні қолаға ауыстырылды.
Нүркен Әбдіровке ескерткіш 1958 жылы Қарағандыда орнатылды. Авторлар: мүсіншілер А. Билык, Ю. Гуммель, сәулетші Л. Воробьев. Монументтің жалпы биіктігі – 9 метр. 1982 жылдың қаңтарынан бастап Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады.