Астана күніне орай Нұра ауданында екі отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды

Астана күніне орай Нұра ауданында екі отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды

Қарағанды облысының Нұра ауданында мемлекеттік қордан баспанаға мұқтаж екі отбасы қоныс тойын тойлайды.

Аудан әкімі Аян Шалмағамбетов жаңа қоныстанушыларды құттықтап, оларға бақыт пен молшылық тіледі.

Жаңа пәтердің бақытты иелері ерлі-зайыпты Мария мен Семби Жабаловтар болды. Мария – екінші топтағы мүгедек. Көптеген жылдар бойы Жабаловтар отбасы өз баспанасы болғанын армандаған. Кілттерді табыстау олар үшін ерекше мереке болды. Бір күн бұрын Мария өзінің туған күнін атап өтіп, зейнетке шығып, баспана алды.

Екінші пәтердің кілті екінші топтағы мүгедек Сергей Хребтищевке тапсырылды. Ол қара жұмысшы. Зайыбымен және екі баласымен бірге ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап тұрды. Қазір отбасы жаңа үйге көшуге дайындалып жатыр.

Кезекте тұрғандарға екі пәтерлі жаңа үйлердің бірінен пәтерлер бөлінді. Нұра ауданында барлығы осындай 20 үй салынды. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған.