Қарағанды мұражайында Хайниса Мұстафинаның көрмесі өтеді

Қарағанды мұражайында Хайниса Мұстафинаның көрмесі өтеді

Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі және Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының бас суретшісі Хайниса Мұстафинаның жеке экспозициясы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтеді. 48 графикалық жұмыс және бірнеше ағаш қондырғылар ұсынылады.

Хайниса Мұстафина мамандығы бойынша суретші-сценограф. Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы) бітірген. Өзінің еңбек жолын Ош қаласындағы театрда бастады. 2000 жылы Теміртау мұражайына жұмысқа орналасқаннан бері шығармашылықпен  айналысуын тоқтатпаған. Оның қолымен стационарлық залдар безендіріліп, бірнеше жүздеген экспонаттар қалпына келтірілді.

Бірақ Хайниса Мұстафина тек дизайнер ғана емес. Ол талантты график ретінде танымал. Ол облыстық көрмелерге қатысады. "Өмір қиылыстары" - бұл оның үшінші жеке экспозициясы.

– "Өмір қиылыстары" көрмесінің жұмыстары аралас техникада орындалған. Бұл графика мен пастель, – дейді Хайниса Мұстафина. – Суреттердегі ең бастысы – әйел бейнесі. Мүмкін, мен өзім нәзік жанды болғандықтан ба. Әйел болмысын, табиғатын түсінемін, әр әйелдің уайымы мен тілегін сезінемін. Көрмеде нақты адамдардың бірнеше портреттері болады, олардың көпшілігінде бұл жинақталған, ойдан шығарылған сурет.

Хайниса Мұстафина туындыларын сирек ұсынады. Ол картиналар бірдей салына бермейді дейді. Біреуі – бірден, ал екіншісіне бірнеше жыл кетеді. "Өмір қиылыстары" экспозициясы – бұл 5 жылдағы жұмыстың нәтижесі. Суретшінің барлық дерлік картиналарын жеке коллекциялар үшін сатып алуға болады.

Вернисаж 9 шілдеде сағат 16:00-де өтеді. Көрме 18 шілдеге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді.