Қазақстанда онлайн-курстардан өтуге арналған портал пайда болды

Қазақстанда онлайн-курстардан өтуге арналған портал пайда болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн-курстар порталын іске қосты. Қазірдің өзінде 70 автор мен әзірлеуші өздерінің оқыту бағдарламаларын барлық мүдделі қазақстандықтарға ұсынуға дайын.

Портал халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Ол онлайн курстарға нарықтық принцип бойынша қол жетімділікті қамтамасыз етеді (қызмет көрсету нарығы). Ресурс халықтың білімділігі мен кәсібилігі деңгейін арттыру, мансаптық дамуды ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету үшін құрылған.

Іске қосу кезінде қазақстандық авторлар мен әзірлеушілер аспаздық және аспаздық іс, косметикалық, заң және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақ үй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салаларында курстар ұсынады.

Талап етілетін дағдыларға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет  https://skills.enbek.kz/ немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдаңыз.

Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн-курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленген және орналастырылған.

skills.enbek.kz порталында тіркелу және жұмыс істеу мәселелері бойынша ҚР ЕХӘҚМ «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуға болады:

- Айнұр Айбұлдинова, телефон: (8-7172) 95-43-17 (іш. 864), +7-705-987-34-77, электрондық пошта: a.aibuldinova@enbek.kz;

- Динара Капитонова, телефондар: (8-7172) 95-43-17 (іш. 864), +7-707-250-33-37, электрондық пошта: d.kapitonova@enbek.kz;

- Венера Бидахметова, телефондар: (8-7172) 95-43-17 (іш. 864), +7-778-930-21-01, электрондық пошта: v.bidakhmetova@ enbek.kz.

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша