Демалыс күндері Қарағанды облысында 138 өрт және жану деректері тіркелді, су қоймаларында төрт адам суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте су айдындарындағы өрт және жазатайым оқиғалар туралы айтылды.
Ауа температурасының көтерілуіне және желдің күшеюіне байланысты 3–7 шілде аралығында облыс аумағында 33 жану ошағы және төрт дала өрті тіркелді. Ұлытау ауданынан басқа дала өрттері мен жану Шет, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарында болған. Бір өрт Қаражалда тіркелді.
– Ұлытау ауданында ең күрделі жағдай қалыптасты, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов. – Төрт өрт пен 10 жану болды.
Ең үлкен ошақтар Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінің аумағында болды. Өртті сөндіруге 433 адам және 74 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Табиғи апатпен күреске жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрамалары мен ТЖД бөлімшелері кірді. Әскери қызметкерлер де тартылды.
Жағдайды күшті желдің тұруы мен бағытын өзгертуі және аптап ыстық ушықтыра түсті.
Өрттің себептері арасында табиғат пен адами факторлар аталды. Атап айтқанда, құрғақ найзағай ұруы және отты абайсыз пайдалану.
Нұрлан Бекбосыновтың айтуынша, қазір Ұлытау ауданындағы жағдай тұрақтанды. Оқиға орнында ТЖД бастығы жүр. Учаскелерді аралау жүргізілуде.
Бүгінгі күні облыс бойынша 470 адам ауылдық округтерде құрылатын ерікті өрт сөндіру құрамаларына кіреді. Олардың қатысушылары өртті жоюға бірінші болып барады.
Жазғы кезеңде құтқарушылардың тағы бір қиындығы – қарағандылықтардың тыйым салынған жерлерде шомылуы. Қазіргі уақытта облыста шомылуға рұқсат етілген және тиісті түрде жабдықталған 83 орын бар. Олардың барлығы «2гис» қосымшасында орналастырылған.
– Өңірде шомылуға тыйым салынған 17-ге жуық орын бар, - деді Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Сайпаш. – Тұрғындар профилактикалық іс-шараларға қарамастан, оларға баруды жалғастыруда. Қазірдің өзінде адам өлімінің 11 фактісі тіркелді. Оның үшеуінде балалар көз жұмды.
Алты құтқару бөлімшесі тәулік бойы дайын болу режимінде. Олардың құрамында 106 адам, 25 бірлік техника және 43 жүзу құралы бар