
Теміртаудағы №5 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында және Қарағанды қаласының №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде TalksUp аппараттары іске қосылды.
Бұл ұйымдарды Tomatis әдісімен балаларды оқытуға арналған кәсіби жабдықтармен жабдықтау идеясы "Аяла" қайырымдылық қорына тиесілі.
– Біздің "Ерекше балаларға – ерекше назар" жобамызды "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қолдады, – деп атап өтті қор өкілі Динара Мұратова.
Tomatis терапиясының мақсаты – мидың есту арқылы қабылданатын ақпаратты өңдеу қабілетін жақсарту. Жаттығу кезінде бала кәдімгі дүкеннен сатып алуға болмайтын арнайы құлаққаптар арқылы музыка тыңдайды. Жабдықты тиімді пайдалану үшін қазір №5 мектеп-интернат және №3 ППТК мамандары Tomatis әдісінің эксклюзивті меншік иесінен тереңдетілген оқыту курстарынан өтуде.
Мектеп-интернатқа барған кезде "АрселорМиттал Теміртау" басшылары оқу орнының қызметімен және жетістіктерімен танысып қана қоймай, балаларға тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар сыйлады.
– Біз компания ретінде қазір әлеуметтік жобаларымызды қайта іске қосып жатырмыз. Біз одан әрі ынтымақтастығымызды қуана жалғастырамыз, – деді ТМД бойынша "АрселорМиттал" компаниялар тобының директоры Виджай Гоял.