
Қарағанды облысында табиғи өрттермен күрес жалғасуда. 7 шілдедегі жағдай бойынша 24 ошақ бақылауға алынды. Оның ішінде екі дала өрті мен 14 өрт сөндірілді.
Күштер мен құралдар жеткілікті. Жалынды жою жұмыстарына мыңға жуық адам мен 184 техника жұмылдырылды.
Ұлытау ауданында, Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінде құтқарушылар өртпен күресуді жалғастыруда. Табиғи апатты жоюға 370 адам мен 45 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары Шеңбер және Амангелді ауылдық округтерінде де жүріп жатыр.
Алтыншы шілдеде Жаңаарқа ауданында екі, Ақтоғай және Шет аудандарында бір-бірден дала өрті болды.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша