
Ұлытау ауданында табиғи өрттермен күрес жалғасуда. Қазіргі уақытта жеті өрт ошағы тіркелген. Өртті сөндіруге қажетті техника мен адамдар жұмылдырылды.
Қарағандыдан көмекке 42 адам және 4 бірлік техника келді.
Еске сала кетейік, Ұлытау ауданының үш ауылдық округіндегі табиғи өрттерге байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Келтірілген шығынды бағалау бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді.
Жағдай бақылауда.
Ұлытау ауданының тұрғындары (8-71035) 2-16-12 нөмірі бойынша бірыңғай диспетчерлік қызметке жүгіне алады.