
Бір уақытта Ұлытау ауданында 12 от ошақтары тіркелді. Шенбер және Амангелді ауылдарының аймағында өрттер іс жүзінде сөндірілді. Байқоңыр ауылының жағдайы қиын болып қалуда.
- Біз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Ұлытау ауданына ұштық, - деді әкімнің орынбасары Серік Шайдаров. - Ыстық ошақтарды қарап шықтық. Өрттің пайда болу себептерінің бірі - құрғақ найзағай. Өрттер тәулік бойы сөндірілуде. Негізгі күштер Байқоңыр ауылына бағытталған.
Өртпен күресу үшін 266 адам мен 42 арнайы техника жұмылдырылды. Жанар-жағармай Жезқазған мен Сәтбаев қалаларынан қамтамасыз етілген.
Еске салайық, Ұлытау ауданының үш ауылдық округіндегі дала өрттеріне байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Шығынды бағалау үшін арнайы комиссия құрылды.