
5 шілдедегі сағат 15:30-дағы жағдай бойынша Қарағанды облысында тоғыз өрт ошағы бақылауға алынды. Оның екеуі – Ұлытау өңіріндегі дала өрттері.
Дала өрттерін жоюға барлығы 396 адам мен 70 техника, екі тікұшақ жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтас және Амангелді ауылдарының аумағында төтенше жағдай жариялап, сонымен қатар келтірілген шығынды бағалау үшін комиссия құрды.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабының хабарлауынша