
Қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі республикалық музыкалық челлендж ұйымдастырды.
– Біз «Қасым Аманжоловтың әндері» атты челлендж бастадық. Эстафета Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына берілді, олар – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жөнелтті. Біздің челлендж қарқын алуда. Күн сайын қатысушылар саны өсуде, – дейді Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік жетекшісінің орынбасары Баян Ахметжанова.
Челленджге Қазақстанның халық әртістері Мақпал Жүнісова мен Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сұлушаш Нұрмағамбетова, Гүлбаршын Тергеубекова, Өмірқұл Айниязов және басқалар қатысты.
– Мен челленджді Роза Рымбаевадан қабыл алдым, Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған «Өмір, мен сені сүйемін» әнін орындадым. Әні Мақсат Жәутіковтікі, – деді Мақпал Жүнісова.
– Әртістердің міндеті – жас ұрпақты тәрбиелеу, оларды ақындарымыздың өлеңдерімен және әндерімен таныстыру, сондықтан мен бұл эстафетаны қолдайтыныма қуаныштымын, – деп атап өтті Сұлушаш Нұрмағамбетова.
«Қасым Аманжоловтың әндері» челленджі қыркүйекке дейін жалғасады.