Қарағанды облысында ҰБТ-дегі ең жақсы нәтиже 137 ұпайды құрады

Қарағанды облысында ҰБТ-дегі ең жақсы нәтиже 137 ұпайды құрады

Қарағанды облысында бірінші цифрлық ҰБТ-ның аралық нәтижелері шығарылды. Оған 2021 және одан бұрынғы жылдардың 16 217 мектеп түлектері қатысты. Олардың 93% тапсырмаларды орындап, шекті деңгейден өтті.

ҰБТ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында «U-FUTURE» ЖШС үш аймақтық орталығының базасында оффлайн режимінде өтті. Қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және әлеуметтік арақашықтық қамтамасыз етілді.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша 47 адамнан тыйым салынған заттар табылып, оларды өткізуге тыйым салынған. Тестілеудің өзінде ережені бұзғандықтан 39 адам сыныптардан шығарылды - олардың нәтижелері жойылды.

ҰБТ-ді ең жақсы тапсырған Қарағанды қаласының 61-мектебінің түлегі Әділсамат Абитаев болды. Ол 137 ұпай жинады.

415 «Алтын белгі» иегерлерінің ішінен 378-і тестілеуге қатысты, тоғыз түлек Назарбаев Университетіне ҰБТ тапсырмай оқуға түсті.

Биыл ҰБТ нәтижелерін күтудің қажеті болмады. Жиналған ұпай саны бірден экранға шығарылды. Тест тапсырушы дұрыс емес жауаптары бар сұрақтарды көрді. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда электронды түрде апелляциялық шағым беруге мүмкіндік болды.

ҰБТ-дің соңғы нәтижелері 25 тамызға дейін белгілі болады. Барлық бейнелер талданады. Бұзақылықтар анықталған жағдайда нәтижелер жойылуы мүмкін.