
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды театры Түркияда өткен «Мың дем – бір дауыс» (Bin nefes, bir ses) халықаралық фестиваліне қатысты. Ол Конья қаласында 13-ші рет өткізілді.
Қарағандылықтар халық назарына Сенека трагедиясына негізделген «Fedra. Ойын» қойылымын ұсынды. Екі мың жыл бұрынғы махаббат үшбұрышы туралы оқиғаны Станиславский театрының актерлары 2018 жылдан бастап ойнауда. Ежелгі пьесаны белгілі қазақстандық режиссер, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов сахналады.
Шетелдік әріптестер қойылымды жоғары бағалады.
«Тамаша жарық, таңқаларлық актерлік шеберлік, ежелгі грек мифологиясын заманауи тәсілмен қызықты оқу және сиқырлы хореография. Керемет!» – деп бағалады Д. Танасоглу атындағы Гагауз ұлттық театрының қатысушылары (Молдова).
Фестиваль ұйымдастырушылар – Конья қаласының Мемлекеттік театры және Түркияның басқа да театрлары. Биылғы жылы пандемия енгізген шектеулерге байланысты барлық қойылымдар ашық аспан астында көрсетілді. Ашылуында қатысушыларды Конья облысының губернаторы Вахдеттин Ёзкан құттықтады.
Фестиваль театр көрермендері арасындағы кәсіби байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң ғана болып қалған жоқ. Сонымен қатар қатысушыларға экскурсиялар мең мәдени бағдарлама да ұсынылды.