Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы еліміздің бас қаласын білу мақсатында онлайн режимде "Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін" атты аукцион өткізеді. Зияткерлік-этнографиялық аукционы 3 шілде күні сағат 13:00-де мұражайдың @temirtau.muzey Instagram-парақшасында тікелей эфирде өтеді.
Барлық тілек білдірушілер тек Нұр-Сұлтанға қатысты сұрақтарға жауап беруде ой ұтқырлығын көрсетіп, жауап бере алады.
Алдымен Елорданың тарихымен байланысты Мұражай экспонаттары, фотосуреттер мен құжаттар көрсетіледі. Олар зияткерлік аукционның сұрақтарына жауап берудің бастапқы нүктесі болады.
8 лот ойнатылады. Алғашқы болып дұрыс жауап берген адамдар мұражайға тегін бару билеттерін сыйлыққа алады.
Барлық қосымша ақпарат: (8-7213) 93-19-05.