Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Балқашқа авиарейстер қайта іске қосылады

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Балқашқа авиарейстер қайта іске қосылады

8 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан-Балқаш және Алматы-Балқаш бағытындағы әуе рейстері қайта басталады, деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Рейстер аптасына төрт рет (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) Орындалатын болады.

Билет бағасы: Нұр-Сұлтан – Балқаш – 8 999 теңге және Алматы – Балқаш – 9 999 теңге. Билеттер қазірдің өзінде қол жетімді.

Билет бағасына келесі кіреді: қол жүгі – 5 кг және багаж – 20 кг. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік.

Рейстер кестесі:

- Нұр - Сұлтан (06: 30) – Балқаш (07: 50);

- Балқаш (12: 50) – Нұр-Сұлтан (14: 20);

- Алматы (10: 40) – Балқаш (11: 40);

– Балқаш (08:20) – Алматы (09: 20).