
Теміртауда академиялық есуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жеке және командалық сынақ бойынша жарыстар 25–30 маусым аралығында өтті. Оған Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары қатысты.
Жеке сынақ нәтижесі бойынша Қарағанды облысының құрамасы қоржынына жеті алтын, төрт күміс және екі қола медаль жинады.
Турнир қорытындысы бойынша біздің команда екінші орынға ие болды. Бірінші орында – Түркістан облысы, үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласының командасы.
Командалық есепте Қарағанды облысы он бір алтын, он екі күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды.