Балқашта Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттеріне қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылды

Балқашта Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттеріне қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылды

Балқаш қаласынан Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттеріне қатынайтын уақытша маршрут іске қосылды. Автобус автовокзалдан екі кентке дейін туристік маусым аяқталғанша жүретін болады.  

Жаңа бағытта №17 қала маңындағы автобус қатынайтын болады. Ол «Автостанция – Тораңғалық к. – Шұбар-Түбек к.» схемасы бойынша жүреді. Бірінші рейс автовокзалдан сағат 10:00-де шығады. Қалада ол екі аялдама жасайды – «Меридо» кафесінің жанында және Балқаш станциясында тоқтайды. Тораңғалық кентіне автобус 10:50-де, ал Шұбар-Түбекке – 11:15-те келеді.

Жаңа бағыт 31-тамызға дейін жалғасады. Жол ақысы – ересектер үшін 400 теңге, балалар үшін 200 теңге.