
Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы туған өлке тарихының білгірлері үшін «Қарағанды: уақыт бойынша саяхаттар...» өлкетану веб-квестін әзірледі.
Ойын күрделілігі бойынша үш кезеңге бөлінген: «Тұрғын» (қарапайым), «Гид» (орташа) және «Өлкетанушы» (күрделі).
Әр деңгей бес кезеңнен тұрады:
- «Менің қаламның тарихы»;
- «Сарыарқа даласында»;
- «Даңқ галереясы»;
- «Қарағанды жерінің таланттары»;
- «Болашаққа ұмтылған қала».
Әр деңгейдің соңында негізгі сөйлемнің үзіндісін аласыз. Үш үзіндіден Ғабит Мұстафиннің «Қарағанды» романынан үзінді жинау керек. Оны кітапхананың электрондық поштасына жіберу қажет: karaganda_oub@mail.ru.
Қатысушылар үшін сыйлықтар мен сертификаттар дайындалды.
Веб-квест кітапхана сайтында орналасқан www.uniorlib.kz «кітапхана ресурстары»/ «Вrainboy виртуалды ойын кітапханасы» бөлімінде.
Мобильді нұсқаны кітапхананың Instagram парақшасында орналастырылған OR-код арқылы жүктеуге болады.