Қарағандылықтарды орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Қарағандылықтарды орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Қарағанды облысында ауа райының ыстық болуына байланысты өрт қаупі жоғарылады. Биыл 12 сәуір мен 31 қазан аралығында орнатылған өрт қаупі бар маусым басталғаннан бері облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында тоғыз орман өрті болды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыс тұрғындарын табиғатты қорғауға және орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған:

- жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК;

- лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК;

- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК.

Өрт немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы жайлы келесі нөмірлер бойынша хабарлауға болады:

- (8-7212) 56-38-52 – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

- (8-7212) 44-29-71 –  "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" КММ;

- (8-71037) 2-12-10 – Ақтоғай орман күзеті;

- (8-71030) 2-62-60 –  Жаңаарқа орман күзеті;

- (8-72147) 9-14-98 – Кув орман күзеті;

- (8-71035) 2-11-61 – Ұлытау орман күзеті.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша