
Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфир барысында аймақ тұрғындарын вакцинациядан өтуге шақырды. Ол тек осылай ғана қоғам коронавирустық инфекцияға қарсы тұра алатынын атап өтті.
Соңғы аптада өңірде сырқаттанушылықтың 23,6%-ға өсуі тіркелді. 30 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 38 039 жағдайы тіркелген. Тек өткен тәулікте облыста 302 инфекция жұқтырғандар тіркелді.
Сырқаттанушылықтың өсуі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларында және Ақтоғай, Жаңаарқа, Абай аудандарында байқалады.
– ДДСҰ мәліметтеріне сай, вакциналар коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудың тиімді әдісі болып қала береді, оның ішінде дельта нұсқаға, бірақ вакцинация курсы толық аяқталған жағдайда ғана. Барлық қолданыстағы КВИ вакциналары тиімді, әрі аурудан қорғайды. Олар аурудың ауыр ағымы мен өлімнің алдын алуға көмектеседі, – деді Юрий Залыгин. – Мен облыс тұрғындарына вакцинацияға деген көзқарастарын қайта қарауларын ұсынамын және өзіңіз бен айналаңыздағыларды қорғауға шақырамын.