Қанша қазақстандық COVID-19-ға қарсы епке алды

Қанша қазақстандық COVID-19-ға қарсы епке алды

Соңғы тәулікте 88 мыңнан астам қазақстандық бірінші компонентпен, 46 мыңнан астам адам екіншісін алды. Осы кезеңде 2 016 КВИ+ және 83– жағдайлары тіркелді. Жалпы, жұқтырғандар саны 423 137 құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан өтуге ниет білдірушілердің саны артып келеді.

– Соңғы мәліметтерге сай, Қазақстан бойынша 3 335 172 адам вакцинаның бірінші дозасын алса, 2 596 000 адам екінші дозасын алды. Тағы бір өзекті мәселе – стационарларға емдеуге жатқызудың өсуі. 596 науқастың жағдайы ауыр, оның 103-і ауыр, 67-і ӨЖЖ-мен қамтамасыз етілген, – деді Айнагүл Қуатбаева.

Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, қайта жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, аурудан айыққаннан кейін 3 айдан кейін вакцинациядан өтуге рұқсат етіледі.

ortcom.kz