Қарағанды облысында 1 шілдеде екі жаңа әкімшілік сот іске қосылады

Қарағанды облысында 1 шілдеде екі жаңа әкімшілік сот іске қосылады

1 шілдеден бастап Қарағанды мен Жезқазғанда әкімшілік әділет істерімен айналысатын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар жұмыс істей бастайды. Олар әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты істер бойынша соттардан бөлек жұмыс атқаратын болады. 

Сот Қарағандыда Ерубаев, 30а, Жезқазғанда Тарадай көшесі, 4 мекенжайлары бойынша орналасады. 

Қарағандының қазіргі Мамандандырылған әкімшілік соты Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып атауын өзгертті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер осы соттың қарауында қалады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс жұмыс істей бастайды. Ол азаматтардың билік органдарымен дауларын қарау кезінде олардың құқықтарын сапалы қорғауға бағытталған. Кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты елімізде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар күшін жояды және 21 әкімшілік сот құрылады.