
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қабылдау салтанатын өткізді.
Мерекелік шараға қонақ ретінде аймағымыздың қалалары мен аудандарынан келген 30 адам шақырылды.
Ардагерлерді әскери үрмелі аспаптар оркестірінің музыкалық сүйемелдеуімен қарсы алды. Т.Бигельдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәлімгерлері құрметті қарауыл түзеді. Кіреберісте әскери құрал-жабдықтар және мұражай экспонаттарынан көрме ұйымдастырылды.
Аймақ басшысы Ерлан Қошанов мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған сөздерді еске салды: «Өз Отаныңның патриоты болу – Қазақстанды өзіңнің жүрегіңде алып жүру». Біздің елімізде ардагерлер қозғалысы үлкен маңызға ие, аға буын жастарда патриоттық сезімді тәрбиелейтінін атап айтты ол.
«Президент айтқандай – Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінде соғыс және еңбек ардагерлерінің үлкен үлесі бар. Бұл Жеңіссіз және құрбандықсыз біздің еліміздің тәуелсіздігі де болмас еді. Сіздер өздеріңіздің күрделі тағдырларыңызбен, Отанның жанданауына жасап жатқан өз әрекеттеріңізбен бізді төзімділікке, тұрақтылыққа, бекемдікке, қиындықтарды жеңуге үйретіп, болашаққа үлкен сеніммен қарауға үйретесіздер. Сондықтан сіздермен өтетін әрбір кездесу біз үшін маңызды оқиға. Сіздердің бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріңіз өшпейді, ал батырлықтарығыз әрдайым біздің есімізде қалады», - деді арлагерлерге Ерлан Қошанов.
Соғыс жылдарындағы батырлардың қатары сиреп барады. Жыл сайын олар азайып келеді. 2010-шы жылы Жеңіс күнін Қарағанды облысында 1110 Ұлы Отан соғысына қатысқандар қарсы алған болатын. 70 жылдық мерейтойды тойлау 340 майдаргарге жазды. Ал бүгінгі күні олардың саны небары 184. Мерекелік залда жиналғандар өмірден өткен қарағандылық ардагерлерді еске алды.
Кездесуге келген қариялар өздерінің өмірлерінен әңгіме шертті. Қарағанды қаласының құрметті азаматы Камали Дүйсембеков пен Сәтпаев қаласының арлагерлер кеңесінің төрағасы Шермұхамбет Байбосынов сөз сөйледі.
Ардагерлерге арналған мерекелік концертте кәсіби әртістер және балалар көркем өнерпаздық ұжымдары өнер көрсетті. Барлық ардагерлерге ақшалай сыйлық табыс етілді.