Қарағанды әскери полиция командасы "Тәртіп сақшысы" байқауына дайындалуда

Қарағанды әскери полиция командасы "Тәртіп сақшысы" байқауына дайындалуда

ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының командасы биыл Сербияда өтетін "Тәртіп сақшысы" байқауына дайындыққа кірісті. Жаттығулар "Спасск" оқу-жаттығу полигонының аумағында өтеді.

Қарағанды командасына әскери полицияның алты қызметкері кіреді, олар бұрын дене шынықтыру және атыс дайындығы бойынша жоғары көрсеткіштер көрсеткен сарбаздар. Оларға "Тәртіп сақшысы" сайысының төрт кезеңнен өту керек.

Әскери қызметшілер автоматтар мен тапаншалардан ату шеберлігінде бақ сынасады.

Содан кейін жұптық патрульдер өз дағдыларын көрсетеді. Олар елді мекендегі "қарсыласты" атуда ептілік пен дәлдікті көрсетуі керек.

Үшінші кезең – "Патрульдік наряд". Ол атыс, медициналық дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және дәлдікке граната лақтыру нормативтерін орындауды көздейді. Оған сондай-ақ шабуылдың көрінісі және құқық бұзушыны ұстау, экстремалды жүргізу элементтері бар патрульдік көлікпен жүру кіреді.

– "Әскери-полицейлік сайыстың" төртінші кезеңі ең қиын және шешуші болады, оған ұзындығы 12 шақырым тас жолдағы табиғи кедергілер мен жасанды кедергілерді еңсеру кіреді, – деп атап өтті команданың жаттықтырушысы полковник Виталий Федоров.

"Тәртіп сақшысы" байқауы 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Кезінде ол  Халықаралық әскери ойындар аясында өткізілетін.