
Қарағанды циркінің сахнасында 2-шілдеде «Тополиный пух, жара, июль» концерті өтеді. Басталуы 18:30.
Қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін 80-ші және 90-шы жылдардағы дискотека хиттері орындалады. Көрермендер алдында Қ. Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Естеріңізге сала кетейік, Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестік Ashyq жобасына қатысушы болып табылады. Концертке келмес бұрын Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп, залға кіріберісте ұсыну қажет болады.