Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында субұрқақтар іске қосылды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында субұрқақтар іске қосылды

Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығы абаттандырылуда. Мұнда Жаманқұл Шайдаров атындағы саябақ қайта жаңғыртылып, алаң мен аллея жаңарды.

Өткен жылы Ақтоғай ауылында Бөкейхан көшесінде аллея абаттандырылған болатын. Онда ландшафт дизайны жасалды, орындықтар орнатылды, ал субұрқақ басты демалыс орнына айналды.

Аудандық мәдениет үйінің алдындағы субұрқақ та толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Сыртынан ол гранит плиталарымен қапталған, ортасында 2,3 текше метр куб, сондай-ақ 17 түрлі-түсті жарықдиодты шамдар бар.

«МҮ алдында балалар алаңы да бар. Сонымен қатар, жасанды көгалдар төселді. Алаң әдемі бола түсті. Ақтоғайды абаттандыру жұмыстары жаздың соңына қарай аяқталады», – деп хабарлады Ақтоғай ауылының әкімдігі.