Қарағанды облысының вакцинацияланған тұрғындары арасында iPhone 12 ойнатылады

Қарағанды облысының вакцинацияланған тұрғындары арасында iPhone 12 ойнатылады

Қарағанды облысында вакцинацияланған өңір тұрғындары арасында екі iPhone 12 ұтыс ойыны басталды. Ұтыс ойынын облыс орталығының екі жас және белсенді тұрғындары Әмір Бейсеналин мен Рустам Айтмағамбетов ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұтыс облыс тұрғындары арасында вакцинация көрсеткішін арттыруға бағытталған. 

– Бізді пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай алаңдатады. Бізге екінші жыл қатарынан дүкендерге, дәмханаларға, мейрамханаларға, киноға, театрларға және басқа да қоғамдық мекемелерге маскасыз кіру мүмкін болмайтын жағдайда өмір сүріп жатқанымыз ұнамайды. Біз көрермендермен өткізілетін жаппай іс-шаралар туралы ұмытып кеттік және осы жағдайдан шығудың жолы вакцинация деп санаймыз. Біз мұны неғұрлым тезірек түсінсек, соғұрлым тезірек толыққанды өмір сүре бастаймыз, – деп атап өтті Әмір Бейсеналин.

Ұтыс ойынының шарттары қарапайым: вакцинациялау, егу паспортын немесе вакцинаны алғандығын растайтын кез-келген басқа құжатты суретке түсіру, оны әлеуметтік желілерде #стопковидкрг хэштегімен орналастыру, ұйымдастырушылардың Instagram-дағы аккаунттарына жазылу – @rr.pro және @amirbsn, ұтыс туралы посттың астына екі досыңызды белгілеңіз.

Ұтыс ойынына Қарағанды облысының тұрғындары ғана қатыса алады. Қорытынды шілде айының алғашқы күндерінде шығарылады.