
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Мағауия Сембайдың құрметіне Қарағанды қаласында Республика даңғылындағы №4 үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Бұл үйде журналист қырық жылдан астам өмір сүрді.
Мемориалды тақтаны Мағауия Сембайдың әріптестері мен жақындары орнатты.
– Бұл ұлы журналист пен тәлімгерді еске алу үшін қолымыздан келетін шараның тек аз ғана бөлігі. Бұл біздің міндетіміз. Осы тақтаның ашылуымен Мағаш аға үйіне оралғандай болды. Ол туған – туысқандары мен жақындарының, әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі қалады, – деді Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков.
Мағауия Сембай Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Соңғы 20 жыл ішінде Ortalyq Qazaqstan газетінің бас редакторы болды. Оның осы газеттегі жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асты.