Қарағандылықтарды концерттерге шақырады

Қарағандылықтарды концерттерге шақырады

25 маусым күні Қарағандыдағы "Шалқыма" концерт залында Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді. Басталуы 18: 30.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Сондай-ақ, 26 маусым күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді.

Бағдарламада Анри Вьетанның скрипкамен оркестрге арналған концерт №5 ла минор Le Gretry, ор. 37 және Иоганесс Брамстың № 2 симфония ре мажор, ор. 73.

Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Жандос Мұхамедиұлы.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.