Қарқаралы ауданының шалғайдағы ауылдарының тұрғындары жылжымалы егу пункттерінде екпе ала алады

Қарқаралы ауданының шалғайдағы ауылдарының тұрғындары жылжымалы егу пункттерінде екпе ала алады

Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ вакцинациядан өте алады. Бұл үшін олардың ауылдарында жылжымалы егу пункттері жұмыс жасайды.

Қарқаралы ауданында ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы егу кешендерінің жұмысы ұйымдастырылды. Мобильді вакцинация пункттері әрбір елді мекенге қызмет көрсететін болады.

– Өкінішке орай, біздің ауданда вакцинация көрсеткіштері жақсы емес. Сонымен қатар, жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Біз аудан тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, екпе алуға шақырамыз. Бұрын олар Қарқаралы және Егіндібұлақ ауруханалары жанынан ашылған екі пунктте ғана егілетін. Қазір біз адамдар жұмыстан және үйден қол үзбей вакцинаны алу үшін екі жылжымалы егу кешенінің жұмысын ұйымдастырдық, – деп атап өтті Қарқаралы ауданының әкімдігінде.

Жылжымалы вакцинация пункттері күн сайын қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакцинацияланғандар үшін акция іске қосылды: екпе алған аудан тұрғындарына азық-түлік сатып алуға сертификаттар берілетін болады.

– Вакцинация пункттерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Дәрігерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге дайын және екпе жасамас бұрын бәрін міндетті түрде тексереді. Бірінші кезекте олар бүкіл Қарқаралыны аралап, кейін шалғай ауылдарға аттанады, – деп толықтырды жергілікті әкімдікте.