
Ақтоғай ауданының Бектау-Ата шатқалында "Менің отаным – Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтарының II облыстық слёті аяқталды. Оған Қарағанды облысының барлық өңірлеріндегі мектептердің 8-10 сынып оқушыларынан құралған 16 команда қатысты. Бірінші орынды қарағандылық Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің командасы жеңіп алды.
Қатысушылар үш негізгі бағытта жарысты: өлкетану, экология және туризм. Жиында бард әндерінің байқаулары, жорықта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын бейнероликтер де болды.
Слёт қатысушылары ауыз-екі халық шығармашылығы, халықтың салт-дәстүрлері, атақты адамдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер және т. б. туралы іздеу-зерттеу жобаларын да таныстырды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды Қарағанды қаласының Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беру мектебінің командасы, екінші - ұлытаулықтар және үшінші – Сәтбаев қаласының слётке қатысушылары иеленді.
Жеңімпаз команда ауыспалы жалаушамен және миллион теңгеге сертификатпен марапатталды. Алғашқы үш орынға ие болған команда қатысушыларына 15 000, 10 000 және 5 000 теңге көлемінде сыйлық сертификаттары, ал команда басшыларына – алғыс хаттар табыс етілді.
– Біздің команда мұндай слёттерге бірінші рет қатысып отырған жоқ. Өткен жылы да біз облыс бойынша бірінші орынды, республика бойынша бесінші орынды иелендік. Біздің командада сегіз адам болды - төрт қыз және төрт ұл. Жаттықтырушы – дене шынықтыру мұғалімі Татьяна Бутузова. Бір миллион теңгеге туризм үшін құрал-жабдық сатып аламыз, – деді Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары, команда жетекшісі Ерлан Рахымжанов. – Енді республикалық кезеңге дайындаламыз. Сондай-ақ, біз ISF World Cool Games-2021 Халықаралық мектеп спорт ойынына қатысуға шақыру алдық. Ол байқау желтоқсан айында Киевте өтеді.