Қарағанды облысында полицейлер марапатталды

Қарағанды облысында полицейлер марапатталды

Қарағанды облысы ПД кәсіби мереке құрметіне үздік қызметкерлерді марапаттады, сондай-ақ ІІО ардагеріне және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейдің анасына сыйлықтар табыс етті.

– Қазақстандық полиция қызмет еткен уақыт ішінде біз қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ кейде олар бізге қымбатқа түседі – әріптестеріміз құрбан болады. Бүгін өзінің қызметтік борышын соңына дейін орындап, антқа адал болғандарды еске алмау мүмкін емес. Қарағанды полициясының 31 қызметкері біздің жүрегімізде мәңгі қалады және ерліктің, батылдық пен ар-намыстың жарқын үлгісі болады, – деді облыс ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін Ерлан Файзуллин ҚР ІІМ рәміздері жазылған сағаттарды, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Александр Истоминнің анасы Валентина Истоминаға, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Тілеухан Алпысбаевқа сыйлықтар мен гүлдер табыс етті.

Қарағанды облысы ІІББ жедел әрекет ету ротасының полиция сержанты Александр Истомин 2000 жылғы 26 қазанда ерлік жасап, әріптестерінің есінде мәңгіге қалды. Ол қарақшылық шабуылда күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операцияға қатысты. Қарулы қылмыскерлермен бетпе-бет шығып, Александр өлім жарақатын алды.

Төлеухан Алпысбаев құқық қорғау органдарына 1976 жылы қызметке орналасты. 2000 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Саран қаласының ІІО-да оны тәжірибелі тәлімгер және кәсіпқой ретінде әлі күнге дейін еске алады.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көзге түскен ішкі істер органдарының қызметкерлері мерзімінен бұрын атақтар, төсбелгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар және ҚР ІІМ рәміздері бар қол сағаттарын алды.

– Әріптестерімді, ардагерлерді, қонақтарды Полиция күнімен құттықтаймын. Бүгін сіздер ең жылы лебіздерге лайықсыздар. Бізге қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше рөл берілген, сондықтан біз осы сенімді ақтауға, өз халқымызға адал қызмет етуге тиіспіз. Қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде полиция қызметкерлері күнделікті өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тек жақсы дайындалған және жабдықталған полицей ғана қойылған міндеттерді тиімді шеше алады, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша