Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназиясының командасы республикалық математикалық турнирде үшінші орын алды

Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназиясының командасы республикалық математикалық турнирде үшінші орын алды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2–4 сынып оқушылары арасында "Бастау" XIV республикалық математикалық онлайн-турнирінің қорытындысын шығарды. Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназиясының командасы үшінші орынға ие болды.

Республикалық кезеңге Қарағанды облысынан екі команда – өңірлік турдың жеңімпаздары қатысты. Олар Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясының және қазақ және орыс тілдерінде оқытатын №95 гимназияның өкілдері.

Республикалық турнир үш кезеңнен тұрды:      

- "Әу, баста!"(командалық есеп);

- "Асық" (командалық есеп);

- "Математикалық бәйге" (ауызша жеке сынақ).

Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 48 команда қатысты.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте "Дарын" РҒПО III дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназиясының командасы марапатталды.

Жеке есепте №95 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Максим Гордиенкоға І дәрежелі дипломы берілді. Сондай-ақ Қарағанды гимназиясының екі оқушысы III дәрежелі дипломдармен және үшеуі грамоталармен марапатталды.

Турнирге қатысушылардың сертификаттары мен жеңімпаз дипломдары www.daryn.kz сайтында орналастырылады.