Қарағандылықтарды "Әсемдік жақсылықты оятады" көрмесіне шақырады

Қарағандылықтарды "Әсемдік жақсылықты оятады" көрмесіне шақырады

29 маусым мен 4 шілде аралығында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Репинка" көркемсурет мектебінің "Әсемдік жақсылықты оятады" атты есеп беру экспозициясы өтеді.

Көрмеге 100-ден астам жұмыс ұсынылады. Айта кету керек, көрмеде төрт жасар балалар да, ересек қылқалам шеберлері де өз жұмыстарын көрсетеді.

Жұмыстар әртүрлі техникада орындалған.  Оның ішінде кенепте гуашь пен акрилдің классикалық көркем пейзаждары, баспа графикасы (диатипия және линогравюра), акварельді натюрморттар және заманауи пастоздық портреттер бар.

Сондай-ақ, көрермен назарына ең кішкентай шеберлердің тұзды қамыры мен мүсіндік пластилинне жасалған туындылары ұсынылады.