Қарағанды облысында "Жасыл ел" жасақтарында 1 800-ден астам жауынгер жұмыс істейтін болады

Қарағанды облысында "Жасыл ел" жасақтарында 1 800-ден астам жауынгер жұмыс істейтін болады

Қарағанды облысында QOLDAU коворкинг-орталығында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының ресми ашылуы офлайн және онлайн режимде өтті. Барлық өңірлік штабтар еңбек жолдамаларын алды.

Биыл Қарағанды облысында "Жасыл ел" қатарына 1 811 жауынгерді қабылдау жоспарланған. 

Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына қатысады, сондай-ақ олар түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.

XVII еңбек маусымының ашылуында экология, туған өлкенің табиғаты және жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға арналған "Жасыл аймақ" фотобайқауы жарияланды.

Өтінімдерді қабылдау 21-28 маусым аралығында өтеді. Содан кейін қатысушылардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалап, үш жеңімпазды таңдайды. Сондай-ақ, арнайы номинациялар да болады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болады.

Байқауға қатысу үшін "Жасыл ел" жасағының жауынгері болу міндетті емес. Фотосуреттерді jasylelkrg@gmail.com поштасына 2-ден 10 мегабайтқа дейін jpeg форматында жіберу керек.

Хаттың мәтінінде аты-жөнін, телефон нөмірін және Instagram есептік жазбасын көрсету керек.

Фотобайқау туралы толығырақ 8-702-364-38-62 телефоны арқылы немесе Instagram-дағы @Jasylel_qaragandy парақшасынан білуге болады.

– Біз барлық ниет білдірушілерді "Жасыл ел" облыстық штабы өткізетін "Жасыл аймақ" фотобайқауына қатысуға шақырамыз. Өтінімдер бүгіннен бастап қабылданады. Осындай іс-шаралар – байқаулар, акциялар – еңбек маусымы бойы, яғни тамыз айының соңына дейін өтеді, – деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.

Айта кету керек, Қарағанды облысында 2018-2020 жылдар аралығында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының жұмысына 14–28 жас аралығындағы 4 мыңға жуық жауынгер қатысты.