«Күміс» еріктілер командасына қалай кіруге болады

«Күміс» еріктілер командасына қалай кіруге болады

Қазақстанда «күміс» еріктілер пулын қалыптастыру жұмыстары басталды. Жобаны «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры ҚР АҚДМ тапсырысы бойынша азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып іске асыруда.

55 жастан асқан кез-келген адам еріктілерге қосыла алады. Жоғарғы шек шектеусіз. Еріктілер әлеуметтік, мәдени, экономикалық, экологиялық және басқа да мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық жұмыстарға қатысады.

«Күміс» еріктілер командасына кіру үшін келесі сілтеме бойынша онлайн-сауалнаманы толтыру қажет: https://forms.gle/GW1qrTi1ERFaeU3G8.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша