
Күлкілі және қайғылы, қарапайым және белгісіз, эмоционалды және ұтымды – мұның бәрі «Дәл сол күн» қойылымын біріктіреді. Спектакльдің премьерасы 26 маусымда Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында бір қойылымда өтеді.
Ресейлік жас драматург Ярослав Пулиновичтің пьесасы Мария есімді қарапайым әйел туралы баяндайды. Ол анасымен бірге тұрады. Анасы келіншекке үнемі қысым жасайды, оны уысында ұстап, жалпыға үйреншікті өмір салтын ұстануды талап етеді. Қоюшы режиссерлер – Владимир Дроздецкий мен Павел Авдюков. Сценографиясы мен костюмдері Татьяна Ушакованікі.
Спектакльде «әйел неге босануы тиіс? кімнен?», «неге айналадағылардың пікірі адамдардың өмірін билейді?» сынды өзекті мәселелер көтеріледі. Екіжүзділік туралы да мәселе қозғалады: адамның басқа адамнан кез келген өзгешелігі не өрескел көрінеді, не тіптен қабылданбайды.
– Спектакль 18 жастан асқан аудиторияға арналған. Бірақ бұл жерде біз әдепсіз нәрсені көрсетіп отырған жоқпыз, – деп түсіндіреді Владимир Дроздецкий. – 15 және 50 жастағы адамдар қандай да бір нәрселерді қабылдамайды, бірақ мұнда ересектердің мәселесі көтеріледі. Және де біз спектакльге көрерменнің келіп, мәселелерді талдап, тереңінен зерттеуге дайын болғанын қалар едік.
Марияны Ирина Мальчихина ойнайды. Алайда басқа кеіпкерлердің есімдері көрермендер үшін тосынсый болмақ. Себебі қойылымда бір актер бірнеше бейнені сомдайды.